1. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 35 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 2 ақпанда № 3015 тіркелген, 2015 жылы 30 наурызда "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғ. Р. Абдраймовқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Баталов |