1. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 471 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3009 болып енгізілген, 2015 жылғы 19 мамырда № 55 "Жетісу", 2015 жылғы 19 мамырдағы № 55 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Aлматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Баталов |