1. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 25 қарашадағы № 522 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 3639 тіркелген, 2015 жылғы 23 ақпанда "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғ.Әбдірайымовқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Баталов |