1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Алматы облысының туризм басқармасы мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 92 "Алматы облысының туризм басқармасының Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 26 наурызында № 3108 тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 39 "Жетісу", 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 39 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Aлматы облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Баталов |