"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мелекеттік бсқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабының 5- тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 мамырдағы "Райымбек аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 45-246 (2015 жылғы 1 шілдедегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3253 тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдедегі 28 (7878) аудандық "Хантәңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Сатылғанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Е.Құдабаев |