"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 01 қазандағы "Ұйғыр ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (2015 жылдың 06 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3538 болып енгізілген, аудандық "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 47 (150) нөміріне жарияланған) № 51-3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, еркі мен бостандығы туралы мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Ұйғыр аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Х. Имиров |
Ұйғыр аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Н. Есжан |