Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 27 қарашадағы № 684 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2865 болып тіркелген, "Шұғыла-Радуга" газетінің 2015 жылғы 26 желтоқсанда № 140 (5500) жарияланған;
2. "Квота белгілеу туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 2 қарашадағы № 655 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2817 болып тіркелген, "Шұғыла-Радуга" газетінің 2015 жылғы 14 қарашада № 125 (5488) жарияланған;
3. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 31 наурыздағы № 177 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2629 болып тіркелген, "Шұғыла-Радуга" газетінің 2015 жылғы 5 мамырда № 50-51 (5413-5414) жарияланған) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының күші жойылуына байланысты ҚР 06.04.2016 № 482-V Заңымен, аудан әкімдігінің № 684, № 655, № 177 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Найманова Үміткен Қапанқызына жүктелсін.
Жамбыл ауданының әкімі | М. Мұсаев |