Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 27 бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы "Меркі ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырумен қаржыландыру туралы" № 541 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2822 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашадағы "Меркі тынысы-Меркенский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Рысқұлбековке жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Көпбосынов |