"Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану ережесін бекіту туралы" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 72-ө бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 273 бұйрығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 72-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5193 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2009 жылғы 15 тамыздағы № 8 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялау үшін жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі                                      Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің төрағасы
      _______________ Д. Ақышев
      2016 жылғы 28 сәуір

О признании утратившим силу приказа Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 марта 2008 года № 72-п «Об утверждении Правил использования пенсионных выплат и государственных социальных пособий инвалидов, проживающих в государственных медико-социальных учреждениях»

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 11 апреля 2016 года № 273

      В соответствии с пунктом 2 статьи 21-1 и пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 марта 2008 года № 72-п «Об утверждении Правил использования пенсионных выплат и государственных социальных пособий инвалидов, проживающих в государственных медико-социальных учреждениях» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5193, опубликован в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан за № 8 от 15 августа 2008 года).
      2. Департаменту социальных услуг Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) направление копии настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление в одном экземпляре его копии в печатном и электронном виде на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) направление для опубликования в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Жакупову С.К.
      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года.

      Министр здравоохранения
      социального развития
      Республики Казахстан                       Т. Дуйсенова

      СОГЛАСОВАНО
      Председатель
      Национального Банка
      Республики Казахстан
      __________ Д. Акишев
      28 апреля 2016 года