«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 107 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10698 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қол қойылған күнінен бастап бір аптаның ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК-ға Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілері эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушы С. Жақыпова