«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің м.а.
2015 жылғы 17 шілдедегі № 463 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11921 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы № 74 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13153 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.А. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Б. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев