Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының
8 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 08/01 "Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3141 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде № 17-18 (7491-7492) "Тоқырауын тынысы" газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Қ. Әмірғасымға жүктелсін.
Аудан әкімі |
Н.И. Омарханов |