1. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 4939 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4375 тіркелген, 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 52 "Ақмешiт апталығы", 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 51 "Кызылорда Таймс" газетерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесін Қызылорда облысының Әділет департаментіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласы | |
әкімінің міндетін атқарушы | А. Шәменов |