1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қармақшы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы"" Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 662 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4924 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 24 (9377);
2) "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы"" Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 638 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4871 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 16 (9369);
3) "Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы"" Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 115 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 5252 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 100 (9453).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Шерниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |