1. Шиелі ауданы әкімдігінің төменде көрсетілген қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 13 наурызда № 4915 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 21 (8271) санында жарияланған) № 451 қаулысы;
2) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы "Шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 9 ақпанда № 5342 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 13 ақпандағы № 12 (8363) санында жарияланған) № 732 қаулысы;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау “Шиелі ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Сәрсенбаев |