РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 1342 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 104 санды тіркелген, 2009 жылғы 23 ақпанында "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі | С. Трұмов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Хайрлиева
"30".03. 2016 жыл