Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Сейдалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Әбілов |
Келісілді:
Б. Овезов
К. Карибаев
Дайындаған:
Л. Чаканова Жаңаөзен қаласы әкімі аппратының
мемлекеттік құқықтық бөлімінің
бас маманы
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2016 жылғы "02" қыркүйек №447 қаулысына қосымша |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №314 "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 19 наурызда №2640 тіркелген, 2015 жылғы 25 сәуірде "Жаңаөзен" газетінің №13 жарияланған) қаулысы;2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №330 ""Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы.