РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10-11-129 хатына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 17 тамыздағы № 159 Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2835 нөмерімен тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2015 жылғы 2 қазан, ресми жариялау көзі «Рауан» газеті) күші жойылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Қ.Әбілшеев