Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.""Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы № 29/299 (2015 жылғы 24 желтоқсанда № 77-78 (704-705) "Қарақия" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 9 желтоқсанда № 2906 болып тіркелген) аудандық мәслихаттың шешімінің күші жойылған деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Дусупов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Мееров |