Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 96 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3020 болып тіркелген, 2016 жылы 27 сәуірде "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы Ә.Төлемісов бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін әділет органдарына жолдауды және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |