"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 233 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2015 жылғы 27 тамызда № 5845 болып тiркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Даиров