"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 322 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6002 тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашадағы "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Э. Кузенбаев