1. Қызылжар ауылдық округі әкімінің бұрын, 2015 жылғы 14 қазанда қабылданған "Қызылжар ауылдық округі "Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринариялық режимді белгілеу туралы" № 1-22-02 шешімінің (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2015 жылғы 2 қарашадағы № 4776 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 қарашадағы аудандық "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінің № 46 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | Т. Жакупов |