1. Павлодар ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" № 43/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3690 тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпандағы № 8 (7974) "Заман тынысы" және № 8 (143) "Нива" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
2) Павлодар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Павлодар ауданы әкімдігі жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 602/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4253 тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2 (8020) "Заман тынысы" және № 2 (189) "Нива" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
3) Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Павлодар ауданы әкімдігі жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 173/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4493 тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымдағы № 22 (8040) "Заман тынысы" және № 22 (209) "Нива" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Бабенко |