Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "2016 жылға арналған Успен ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 283/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 4909 болып тіркелген, "Аймақ ажары" газетінде 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 4 нөмерінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Демеуов |