1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2010 жылғы 27 сәуірдегі "Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары туралы" № 109/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 27 мамырдағы № 12-13-105 болып тіркелді, 2010 жылғы 3 маусымдағы аудандық № 22 "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Р. Неғманова |