1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Aлматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Aлматы қаласы Aуыл шаруашылығы басқармасы бір апта мерзімде әділет органдарына қаулының қабылдануы туралы хабарласын.
3. Aлматы қаласы әкімінің аппараты бір апта мерзімде осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Aлматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
Aлматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Aлматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 1/48 қаулысына қосымша |
Aлматы қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
кейбір қаулыларының тізбесі
1) "Aлматы қаласында мал шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Aлматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 2/343 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1059 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 маусымда "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған);2) "Aлматы қаласында көрсетілетін мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Aлматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 2/379 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1061 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 маусымда "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған);
3) "Aлматы қаласында көрсетілетін "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Aлматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 3/646 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1081 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған);
4) "Aлматы қаласында өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Aлматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 4/962 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1112 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтарда "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған);
5) "Aлматы қаласында көрсетілетін мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 21 мамырдағы № 2/379 қаулысына және "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 4 тамыздағы № 3/646 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Aлматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 4/963 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1113 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған);
6) "Aлматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Aлматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 2/232 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1158 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған).