Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Aлматы қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Aлматы қаласы әкімдігінің «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»2014 жылғы 22 мамырдағы № 2/387 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1052 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 маусымда «Aлматы ақшамы» және «Вечерний Aлматы» газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2) Aлматы қаласы әкімдігінің «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 22 мамырдағы № 2/387 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/123 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1148 болып тіркелген, 2015жылғы 21 наурызда «Aлматы ақшамы» және «Вечерний Aлматы» газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2. «Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Aлматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Aлматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
Aлматы қаласының әкімі Б. Байбек