1. Алматы қаласы әкімдігінің "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 25 ақпандағы № 1/59 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1267 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апта мерзімде:
1) Алматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |