1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Карантиндік режимді енгізе отырып, Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Тайынша, Уәлиханов, Шал ақын аудандарының аумақтарында карантинді аймақты белгілеу туралы" 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 344 (2014 жылғы 15 қараша "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2958 болып тіркелді);
2) "Карантиндік режимді енгізе отырып, Айыртау, Ақжар, Аққайың, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандарының аумақтарында карантинді аймақты белгілеу туралы" 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 345 (2014 жылғы 15 қараша "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2961 болып тіркелді).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е.Сұлтанов |