1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы "16" маусымдағы № 127 қаулысына қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 301 "Атырау облысының өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3027 болып тіркелген, 2014 жылы 11 қарашада "Атырау" газетінде жарияланған);2. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 246 "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2989 болып тіркелген, 2014 жылы 18 қыркүйекте "Атырау" газетінде жарияланған);
3. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 69 "Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3140 болып тіркелген, 2015 жылы 11 сәуірде "Атырау" газетінде жарияланған).