1. Аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 702 "Махамбет ауданы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 17 қаңтардағы № 2847 болып тіркеліп, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 3 (6108) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы Н. Қалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі | Ә. Нәутиев |