1. "Ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 28 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3119 тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы, 2015 жылғы 19 наурыздағы, 2015 жылғы 28 наурыздағы, 2015 жылғы 2 сәуірдегі, 2015 жылғы 9 сәуірдегі, 2015 жылғы 16 сәуірдегі, 2015 жылғы 23 сәуірдегі "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Ж.Есмұхановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі | Т. Сұлтанбеков |