«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына және Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 2-26-3/472 хатына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Б.Сулейменов
Қалалық мәслихат
хатшысы Ғ.Сарсенбаев
Түркістан қалалық мәслихатының
2016 жылғы 03 ақпандағы № 53/299-V
шешіміне қосымша
Түркістан қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 45/256-V «Түркістан қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3363 тіркелген, 2015 жылғы 28 қазандағы «Түркістан» газетінде № 43 жарияланған),
2. Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 45/257-V «Б» корпусындағы Түркістан қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3349 тіркелген, 2015 жылғы 16 қазандағы «Түркістан» газетінде № 42 жарияланған).