«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 44/305-V ««Б» корпусындағы Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3272 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 07 тамыздағы «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) және Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 46/321-V ««Б» корпусындағы Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 44/305-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3369 тіркелген, 2015 жылғы 23 қазандағы «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы С.Батырбай
Аудандық мәслихат
хатшысы М.Момынов