Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сарыағаш аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 26 маусымдағы № 41-367-V ««Б» корпусындағы Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3259 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2015 жылғы 31 шілдеде жарияланған);
2) 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 44-394-V ««Б» корпусындағы Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 41-367-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3359 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2015 жылғы 23 қазанда жарияланған);
3) 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 44-396-V «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3384 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2015 жылғы 6 қарашада жарияланған).
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы М.Есіркепов
Аудандық мәслихат
хатшысы Б.Садықов