«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түлкібас ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 416 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3340 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 2 қазанда аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық құқықтық ақпарат орталығына және аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетіне жолдансын.
Аудан әкімі Қ.Абдуалиев