Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1, 43-1-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 "2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының 8-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 7447 "2014-2016 жылдарға арналған Өскемен қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3518 тіркелген, 2014 жылғы 30 қазандағы "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.
Өскемен қаласының | |
әкімі | Т. Қасымжанов |