Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабы, 43-1 бабының 1 тармағына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 24 маусымда 3387 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 04 шілдеде № 27 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) Риддер қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 518 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім аппаратының басшысы К.М. Ларионовқа жүктелсін
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |