РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының, 4 тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 25 мамырда № 3970 болып тіркелген, Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 117 "Жарма ауданының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы А. Узбековке жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | С. Брынзов |