Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 11 қарашада № 4228 болып тіркелген (2015 жылдың 10 желтоқсандағы № 97 (8877) "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған), Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 қазандағы № 315 "Жарма ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің регламентін бекіту туралы", қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы А. Узбековке жүктелсін.
Аудан әкімі | Н. Сыдықов |