Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зайсан ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы "Зайсан ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" № 354 (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4046 нөмірімен 2015 жылғы 21 шілдеде тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2015 жылғы 19 қыркүйектегі № 76 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.
Аудан әкімі | А.Оңдақанов |