Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Заңының 37-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық акті туралы" Заңының 27-бабы негізінде, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 79 "Катонқарағай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3821 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 28 "Арай-Луч" аудандық газетінде жарияланған), 2015 жылғы 18 наурыздағы № 105 "Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3823 болып тіркелген, 2015 жылдың 06 мамырдағы № 33 аудандық "Арай-Луч" газетінде ресми жарияланған), 2015 жылғы 17 маусымдағы № 275 "Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 79 "Катонқарағай ауданының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4073 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 тамыздағы № 68 аудандық "Арай-Луч" газетінде ресми жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Катонқарағай ауданы әкімдігінің "Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 79 "Катонқарағай ауданының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 15 ақпандағы № 73, "Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің2015 жылғы 18 наурыздағы № 105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 15 ақпандағы № 74 қаулыларының күші жойылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Нұрғожин |