Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 28 қаңтардағы "2015 жылға Көкпекті ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" № 14 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3686 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 18-19 (8721) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | Р. Сагандыков |