Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы № 97 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3963 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз" - "Новая жизнь" газетінің 2015 жылғы 21 маусымдағы № 49 (8743) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | Р.Сагандыков |