Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі ""Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 71 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3944 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз" - "Новая жизнь" газетінің 2015 жылғы 21 маусымдағы № 49 (8743) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | Р. Сагандыков |