Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағының, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабының негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 "Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар және кездесу өткізетін үй-жайлар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 3856 тіркелген, 2015 жылғы 13 сәуірде № 34 "Ұлан таңы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі | Д. Батырбаев |