Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Шемонаиха ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 722 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 93 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3265 тіркелген, "Уба-Информ" газетінің 2014 жылғы 07 мамырдағы № 19 жарияланған);
2) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 94 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3266 тіркелген, "Уба-Информ" газетінің 2014 жылғы 07 мамырдағы № 19 жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.
Шемонаиха ауданының әкімі | А. Тоқтаров |