Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа алып, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылдың 19 наурыздағы "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 90 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3898 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы "Ауыл айнасы" газетінің 20-санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды алу аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері А. Тасжановаға тапсырылсын.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы А. Берденовке жүктелсін.
Аудан әкімі | Н. Бекқайыр |