"Құқықтық актілер туралы" 2006 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мемлекеттік кірістер органдарының сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 439 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 957 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрық күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі ___________М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы |
Қаржы министрі ___________Б. Сұлтанов |